І ТУР БАСТАЛДЫ

Турнир жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы қадағалап отырыңыздар

жоғарғы сынып оқушылары арасындағы халықаралық онлайн турнир

Онлайн турнир спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр,
әлемде, өнер, Қазақстан тарихы,
Қазақстан табиғаты, денсаулық,
ғылым тақырыптарындағы
35 000 астам сұрақтардан тұратын
«Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық
ойыны негізінде өтеді.

«Кім білгіш?» мобильді ойыны бойынша халықаралық онлайн турнир

«Кім білгіш?» мобильді ойыны Бірінші арнада өтетін және оқушылар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған «Умники и умницы» ойынының баламасы болып табылады. Біздің турнирдің ерекшелігі – онлайн өткізіледі, ойынға кез келген жоғарғы сынып оқушысы қатыса алады. Бағдарлама оқушыларға өз бетімен, сонымен қатар ортақ турнирлерде дайындалуға мүмкіндік береді. Турнир ойыншының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде өткізіледі. Қатысушылар таңдаған тілге сәйкес топтарға бөлінеді.

Қосымшаны телефоныңызға жүктеңіз

tournament

Өтінімдерді қабылдау аяқталды

Назар аударыңыз! «Кім білгіш?» халықаралық онлайн турниріне қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.

2021 жылдың 31 шілдесінен 15 тамызына дейін қашықтан, онлайн режимде өтетін бірінші турдың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Бірінші турдың мақсаты – келесі турға өтетін ойыншыларды іріктеу, қатысушылардың жалпы ойын шарттарымен танысуы, меңгеруі.

I турдың қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен қатысушылар автоматты түрде II турға өтеді.

I іріктеу кезеңінен өткен барлық қатысушылар электрондық пошта және смс арқылы хабардар етіледі.

ТУРНИРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
АРҚЫЛЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРЫҢЫЗДАР