ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

App Store немесе Play Market арқылы
«Кто умнее? / Кім білгіш?» қосымшасын жүктеп алыңыз.
Тіркеуден өтіңіз де, ID нөмір алыңыз. ID нөмір автоматты түрде беріледі, оны ойыншының профилінде көруге болады.
2021 жылдың 1 маусымынан 1 шілдесіне

Турнирге қатысуға өтінімді
kimbilgish.kz сайтында беріңіз.

I ТУР
2021 жылдың 1 шілдесінен 1 тамызға дейін

Ойында белсенділік таныту керек. Жеңісіңіз неғұрлым көп болса, солғұрлым жақсы. Өтінім берген қатысушылардың ішінен төрешілер ең табысты ойыншыларды таңдап алып, оларды пошта және смс арқылы хабардар етеді.

II ТУР
2021 жылдың 1 - 31 тамыз аралығында өтеді

Таңдап алған тілге (қазақ немесе орыс тілі) сәйкес қатысушылар топтарға бөлінеді және қосымшадағы әкімшілікпен арнайы құрылған турнирлерде өзара сайысқа түседі.

ФИНАЛ
2021 жылдың қыркүйек айында

Қорытынды тур Нұр-Сұлтан қаласының «Nazarbaev ortalygy» дамыту орталығында өтеді. Финалға ІІ тур жеңімпаздары қатысады. Соңғы тур нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз атанады.